Өскемен
Кәсіпкерлер қала тазалығына атсалысты

Бүгін облыс орталығында көктемгі сенбіліктер маусымы басталды. Соған орай өскемендіктер жаппай сенбілікке шығып, өз ауласын, саябақтар мен қала көшелерін қоқыстан тазартты, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Қала тазалығы кез келген тұрғын үшін айрықша маңызға ие. Бұл бағытта кәсіпкерлік нысан иелері де өз үлесін қосып жатыр. Бүгін тазалыққа немқұрайлы қарамайтын “Элит” наубайханасының жұмысшылары нысанның айналасын ретке келтіріп, күл-қоқыстан тазартып, көпке үлгі көрсетті.
- Жалпы қаланың тазалығына баршамыз бірдей жауаптымыз. Сенбілік кезінде емес, күнделікті өмірде біз наубайхана маңының тазалығына ерекше мән береміз. Алайда тұрмыстық қалдықтарын тастап кететін тұрғындардың бары өтірік емес. Жұмысшыларымызға қолайлы болу үшін нысанның жанынан автотұрақ жасалып жатқан. Бүгін сол тұрақтың маңын тазарттық, - дейді “Элит” наубайханасы директорының көмекшісі Ербол Есболов.
Айта кету керек, қалада бұл бағытта қолға алынып жатқан ілкімді істер аз емес. Мәселен, бүгін басталған, дәстүрлі түрде өткізілетін “Таза ойындар” экологиялық акциясы. Қатысушылар шаһар тазалығына үлес қосып қана қоймай, ақшалай сыйлық ұтып ала алады.
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз:

«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр

Шығыстың шекаралық аудандарында қандай мәселелер туризмге тұсау болып отыр?

Катонқарағайда мал бағу машақатқа айналды

Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы

Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар