F16.KZ
Жарияланды: 09:10, 14 апрель 2025
Өскемен / Жаналықтар

Өскеменде «Өмір бәйтерегінің» тұсауы кесіледі

Биылғы 16 сәуірде Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында жазушы Сәуле Досжанның «Өмір бәйтерегі» романының тұсаукесері өтеді. Ұлттық код, қан тазалығы және қазақтың төлқұжаты болған жеті ата шежіресі сияқты тамыры терең тақырыптарды қамтыған кітап қалай дүниеге келді, жауһар туындыны жазуға не түрткі болды? Бұл сұрақтардың жауабын оқырмандар автордың өзінен ести алады, деп хабарлайды F16.kz.

АВТОР ТУРАЛЫ АЗ-КЕМ АҚПАРАТ

Сәуле Мағазбекқызы Досжан 1959 жылы 2 қыркүйекте Алматы облысының Ұйғыр ауданы, Ақтам ауылында туған. Жазушы, ақын, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық және республикалық әдеби байқаулардың жүлдегері, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының, халықаралық жазушы әйелдер гильдиясының мүшесі, халықаралық «АЛАШ» әдеби сыйлығының иегері.

Оның қаламынан «Жыр тәж», «Үшінші есіктің құпиясы», «Жатқа туған бала», «Үлкен үйдегі үрей», «Өгей жүрек», «Когда женщина заложница», «The tragedy of a bastard» (Көрдемшенің қасіреті), «Қасірет пен тағдыр», «Үзілмеген Үміт», «Ауылдан шыққан миллионер», «Жалғыздың жарасы» сияқты көптеген құнды дүниелер туған. Автордың шығармалары орыс, испан, неміс, қытай, ағылшын, араб, француз, венгер, түрік, чех және қырғыз  тілдеріне аударылған.

ҚАЗАҚТЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫНА АЙНАЛҒАН ЖЕТІ АТА ТУРАЛЫ

Сәуле Досжанның «Өмір бәйтерегі» романы елімізде үшінші рет ұйымдастырылған Mecenat.kz байқауына қатысып, көпшіліктің дауысымен әдеби сыйлықтың жеңімпазы атанды.

Қазақстан туралы үздік туынды болып танылған бұл кітапты жазушы 7 жыл бойы жазды. Романда автор ұлттық кодымызды, қан тазалығын, әлемде қазақта ғана бар жеті ата шежіресінің дала төлқұжаты екенін дәлелдеп, жастарға түсіндіруге тырысқан.  Бұл роман ұлттық сана мен мәдени мұраны сақтаудың негізгі мәселелерін қарастырады. Сәуле Досжан шежірені білу жай ғана дәстүр емес, қан тазалығы мен ұлттық бірегейлікті қорғайтын заң болған Жәнібек пен Керей хандар басқарған кезеңге де тоқталады. Роман сонымен қатар ата-бабамыздың рухани  мұрасын, даналығын баяндай отырып, қазақтың ежелгі әдет-ғұрпымен және дәстүрімен таныстырады.

ЖАЗУШЫМЕН СҰХБАТ

Тұсаукесер барысында автор кітапты жазуға не түрткі болғанын және оның жұмысының негізгі мотиваторы қандай екендігі туралы әңгімелейді. Сондай-ақ қаланың зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен қазақ мәдениеті мен тарихын сақтаудың, насихаттаудың өзекті мәселелері талқыланады.

Кітап көрмесінде С.Досжанның шығармашылық жолы туралы сұрақтарға жауап беретін шығармалары ұсынылады.

Іс-шараның медиа мақсаты: ұлттық кодтың құндылығын ашу және елдің тарихы мен мәдениеті туралы білімді дәріптеу арқылы жастардың бойында оң азаматтық ұстанымды қалыптастыру. Ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту. Кітап пен оқуды жастар арасында өзін-өзі тәрбиелеу және мәдени даму құралы ретінде насихаттау.

Айта кетейік, романның тұсаукесері 16 сәуір күні сағат 11.00-де Өскемен қаласы Космический көшесі 6/2 мекен жайындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында өтеді.

Фото: saule.doszhan


Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде
Шалғайдағы ауылдарға өркениеттің сәулесі қашан жетеді?
04.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Марқакөл / Журналист жол үстінде / Арнайы жоба
Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар
24.12.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Зайсан / Журналист жол үстінде / Айтпайын десең...
Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?
26.02.25, Басты / Шекаралық аудан / Өскемен / АЙДАРЛАР / Журналист жол үстінде