Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 09:58, 14 апрель 2025
Өскемен / Жаналықтар

Өскемен: 18 учаскенің жолы жөнделіп жатыр

Шығыстың бас шаһарында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бүгінде жалпы ұзындығы 17 шақырым болатын 18 учаскеде жұмыс басталып кеткен. 

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, биыл жөндеу жұмыстары жылдағыдан ерте басталған. 

-        Қалада жұмыс қызу жүріп жатыр. Биыл жөндеу науқаны әдеттегіден ертерек басталды. Бұл жол инфрақұрылымын жаңарту көлемі мен қарқынын арттыруға мүмкіндік береді, - деді қала әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қазір 18 учаскеде жол жөнделіп жатыр. Бұған қоса, ұзындығы 7,7 шақырым болатын тағы 17 учаскеде жөндеу жұмыстары жоспарланған.

Сондай-ақ қала әкімдігі бұл жолдар тізімі алдағы уақытта толықтырылып отыратынын айтады. Жаңа жаңа учаскелерді қосу туралы шешім қала тұрғындарымен кездесулер мен келіп түскен өтініштерді талдау нәтижесінде қабылданады.


Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар
24.12.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Зайсан / Журналист жол үстінде / Айтпайын десең...
Шығыстың шекаралық аудандарында қандай мәселелер туризмге тұсау болып отыр?
29.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Киелі Алтай / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Марқакөл / Журналист жол үстінде
Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?
26.02.25, Басты / Шекаралық аудан / Өскемен / АЙДАРЛАР / Журналист жол үстінде
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде