Өскеменде тазалыққа үлес қосқысы келетіндер көп

Өскеменде санитарлық тазалық екі айлығы аясында кезекті сенбілік өтті. Ортақ іске 3600-ден астам адам жұмылып, бірлік пен белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетті, деп хабарлайды F16.kz.
Нақты айтқанда, сенбілікке жиыны 3 638 қала тұрғыны атсалысып, көшелер мен аулаларды, көпшілік жүретін қоғамдық орындарды тазалады. Қоқысты тиеп, шығаруға және басқа да жұмыстарды атқаруға барлығы 24 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 99 176 шаршы метр аумақ тазартылды, бұл шамамен 14 футбол алаңына тең. Шығарылған қоқыстың көлемі – 747,8 текше метр. Тазалық науқаны барысында айналасын таза ұстамаған 296 кәсіпкерге ескерту хаты табысталды. Шағын және орта кәсіпкерлік өкілдері тазалық акциясына бірлесе үлес қосуға ниет білдірді.
Сондай-ақ 196 пәтер иелері кооперативі сенбілікке бір кісідей қатысып, жақсы үлгі көрсетті.
Фото: Өскемен қаласының әкімдігі




