F16.KZ
Жарияланды: 17:30, 15 апрель 2025
Өскемен / Жаналықтар / Басты

Қауіпті кезең басталмай жатып төрт өрт оқиғасы болды – ШҚО

Өрт қауіпті кезеңі басталған 14 сәуірден бері Шығыс Қазақстан облысында төрт орман өрті болды. Тілсіз жау 178,8гектар аумақты шарпыды. Бұл туралы облыстық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz.

Статистикаға қарасақ, былтыр жыл көлемінде барлығы 13 орман өрті тіркелсе, биыл қауіпті кезең басталмай жатып төрт орман өрті болды. Тілсіз жаудың алдын алу мақсатында облыста мобильді топтар құрылып, тиісті жұмыстар басталды. Топ құрамында жергілікті атқарушы органның, орман шаруашылығының өкілдері, полиция қызметкерлері және азаматтық қорғау мамандары бар. Олар өрт қауіпті кезең аяқталғанша алдын алу, түсіндіру, ақпараттандыру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар рейдтерге қатысады, деді Нұржан Өміржанов.

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАНДАР ҚАТАҢ ЖАЗАЛАНАДЫ

Өткен сенбі, жексенбі күндері облыста төтенше жағдай қызметінің және басқа да құзырлы орган өкілдерінің қатысуымен рейд жүргізіліп, өрт қауіпсіздігін бұзған адамдарға ескерту жасалған. Осы орайда мамандар қатаң заубұзушылық анықталған жағдайда айыпты тұлға әкімшілік ғана емес, қылмыстық жауапкершілікке де тартылуы мүмкін екенін ескертеді.

Егер жеке тұлға заңды өрескел бұзса Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 336-шыжәне 410-шы баптары негізінде жауапкершілікке тартылады. Ал енді өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан орасан зор материалдық шығын келсе немесе адам өлімі болса, онда айыпты тұлға Қылмыстық кодекстің 204-ші және 292-ші баптарына сәйкес қылмыстық жазаға тартылады, деп нақтылады ТЖД өкілі.

ЖЕРДЕН ДЕ, КӨКТЕН ДЕ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙДІ

Маманның айтуынша, өрттің қаупі күшейетін жаз маусымында құтқарушылардың да жұмысы ширай түседі. Бұл кезеңде жедел әрекет ету үшін облыстың ТЖД 1589 адамнан тұратын жеке құраммен және 306 техникамен қамтамасыз етілген. Бүгінде департаментке лизинг арқылы республикалық бюджет есебінен – 23, жергілікті бюджет есебінен 30 техника сатып алынған. Республикалық бюджет қаражатына алынған тағы тоғыз техника жуықта жеткізілмек.

Сонымен қатар департамент иелігінде өрт ошағын әуеден анықтауға және оның ауқымын бақылауға мүмкіндік беретін 12 ұшқышсыз ұшу аппараты (дрон) бар. Мамандар өрт шығуы мүмкін қауіпті учаскелерді «Қазақстан ғарыш сапары» арқылы да бақылап, ғарыштық мониторинг жүргізіп отырады.

Фото: F16.kz

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде
Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?
26.02.25, Басты / Шекаралық аудан / Өскемен / АЙДАРЛАР / Журналист жол үстінде
Катонқарағайда мал бағу машақатқа айналды
30.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Журналист жол үстінде
Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар
24.12.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Зайсан / Журналист жол үстінде / Айтпайын десең...