Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 09:24, 16 апрель 2025
Өскемен / Жаналықтар

Өскемен – Алтай тасжолы қалпына келтіріліп жатыр

Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары тасжолын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Кеше республикалық маңызы бар көлік жолының 57-ші шақырымында тау беткейінен аққан қар суы жол жиегін жырып кеткен. Көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірден қозғалысқа шектеу енгізілді. Қазір қалпына келтіру жұмыстары тәулік бойы, үзіліссіз жалғасуда.


-        Қосымша күштер тартылып, «ҚАЖсервис» ЖШС-нің ШҚО филиалы мен «Kurylys Group RK» ЖШС-нің арнайы техникасы жұмылдырылды. Қазір оқиға орнында «ҚАЖсервис» ЖШС-нен 1 тиегіш, 1 автогрейдер, 7 самосвал, «Kurylys Group RK» ЖШС тарапынан 2 экскаватор, 1 тиегіш, 10 самосвал жұмыс істеп жатыр. Таңғы 7.00-дегі жағдай бойынша, 3 100 тонна жартас топырағы төселді. Учаскені толық нығайту үшін қосымша шамамен 2 500 тонна материал қажет, ол Осинов асуын айналып өтетін қайта жаңғыртылып жатқан учаскеден жеткізіп жатырмыз, - деді  "ҚазАвтоЖол" ҰК ШҚО филиалының директоры Нұрбек Темірханов.

Жұмыстар жоспарға сәйкес аяқталса көлік қозғалысына қойылған шектеу бүгін сағат 15:00 шамасында алынады.


Фото: «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ШҚО филиалының баспасөз қызметі

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар
24.12.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Зайсан / Журналист жол үстінде / Айтпайын десең...
Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?
26.02.25, Басты / Шекаралық аудан / Өскемен / АЙДАРЛАР / Журналист жол үстінде
Шығыстың шекаралық аудандарында қандай мәселелер туризмге тұсау болып отыр?
29.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Киелі Алтай / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Марқакөл / Журналист жол үстінде
Шекарадағы ауылдарда құдықтар құрғап, құбырлар қаңсып жатыр, ал халық өзеннен су ішіп отыр
29.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Тарбағатай