F16.KZ
Жарияланды: 16:30, 16 апрель 2025
Өскемен / Жаналықтар

ШҚО үшінші: сарыпқа шалдыққандар саны азаймай тұр

Жыл басынан бері облыста сарып ауруын жұқтырған үш жағдай тіркелген, оның екеуі Үлкен Нарын ауданында болса, біреуі –Марқакөлде. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, былтыр елімізде сарып ауруының 564 расталған жағдайы тіркелген, оның ішінде 73 бала, 44 жасөспірім бар. Бұл дертпен сырқаттану деңгейі бойынша Шығыс Қазақстан облысы Жетісу мен Жамбылдан кейін үшінші орында тұр.

Былтыр облыста сарып жұқтырған 40 жағдай тіркелді. Сырқаттанған адамдар Глубокое, Зайсан, Үлкен Нарын, Күршім, Марқакөл, Тарбағатай, Ұлан аудандарында және Өскемен қаласында анықталды. Сол сияқты Үлкен Нарын ауданының Көкбастау ауылында (5 жағдай) аурудың өршуі байқалды. Жасы 14-ке толмаған балалар арасында ауру анықталған жоқ. Жасөспірімдер арасында үш жағдай тіркелді. Атап Өскеменде, Үлкен Нарын және Зайсан аудандарында шықты. Сырқаттанғандардың 90%-ы ауылдық жерлерде тұрады, – деді Сәуле Слямғазина.

Оның айтуынша, науқастардың дені еңбекке қабілетті жастағы (18-59 жас) адамдар.

Сарып ауруының әрбір жағдайы бойынша адамдар арасында аурудың таралу  жолдары мен факторларын белгілей отырып, эпидемияға  және эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізілген. Облыс аумағында барлығы 33 инфекция ошағы анықталып, байланыста болған 119 адам тексеруден өтті. Олардың ішінде 14 адамнан (35%) ауру анықталды (Глубокое, Зайсан, Ұлан , Үлкен Нарын аудандары және Өскемен қаласы). Қарым-қатынас жасаған адамдар жарты жыл көлемінде диспансерлік бақылауда болды.

Эпидемиологиялық тексеру нәтижесінде адамдарға ауру қайдан жұққаны анықталған. Жұқпалы дерт адамға көп жағдайда малдан жұққан.  

Биылғы алғашқы тоқсанда сарыптың үш жағдайы (былтыр осы кезеңде екі жағдай) анықталды. Атап айтқанда, сыртқаттанғандардың екеуі Үлкен Нарын ауданында, біреуі Марқакөлде анықталған. Эпидемиологиялық тексеру кезінде оларға ауру бұрын сарып болған малдан жұққаны анықталды. Олармен байланыста болған алты адам медициналық бақылауға алынып, тиісті қауіпсіздік шаралары жүргізілді.

 Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар
24.12.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Зайсан / Журналист жол үстінде / Айтпайын десең...
«Қазақстанда» адам саны азайып барады. Билік шекарадағы ауылдарды жандандыра ала ма?
29.10.24, Шекаралық аудан / Марқакөл / Журналист жол үстінде / Басты / Арнайы жоба
Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?
26.02.25, Басты / Шекаралық аудан / Өскемен / АЙДАРЛАР / Журналист жол үстінде
Шығыстың шекаралық аудандарында қандай мәселелер туризмге тұсау болып отыр?
29.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Киелі Алтай / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Марқакөл / Журналист жол үстінде