Киіз үйдегі QUIZ

Ғашықтар мерекесіне орай Өскеменнің орталық алаңында QUIZ ойыны өтті, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Eastiler ұлттық-патриоттық қоры бұл жолы ойынды қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен еліміздегі ең үлкен киіз үйде ұйымдастырды.
Интеллектуалды ойынның қорытындысы бойынша жүлделі 1-орынға «Бұқар жырау» командасы ие болды. «Апыр-топыр» деп аталатын команда 2-орынды місе тұтты. Үздік үштікті «Park city» командасы түйіндеді. Жүлдегер болған командалар демеушілер ұсынған сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетейік, кейінгі жылдары Шығыстың бас шаһарында ғана емес, облыстың түкпір-түкпірінде қазақша Quiz ойыны қарқынды дамып келеді. Зияткерлік ойынның тұрақты қатысушылары ай сайын өткізілетін ойында бас қосып, жүлдені сарапқа салады.
Фото: F16.kz




