Өскемен / Жаналықтар
«MaxiMall» құрылысында мәселе туындады

Өскемендегі «MaxiMall» сауда ойын-сауық орталығы салынып жатқан жер учаскесінің жалға алу мерзімі ұзартылмаған. Бұл туралы ШҚО кәсіпкерлер палатасы мәлімдеді.
Айта кетейік, аталған ірі жобаның инвестиция көлемі 11 миллиард теңгені құрайды. Сондай-ақ ұлттық инвесторлар пулына енгізілген.
Мониторинг барысында жергілікті атқарушы органдар жер учаскесінің жалдау мерзімін негізсіз ұзартудан бас тартқаны анықталды. Прокуратурамен бірлесіп кәсіпкерлерге заңгерлік көмек көрсеттік. Нәтижесінде екі жер учаскесін алу мәселесі шешімін тапты. Бүгінде нысанның құрылысы жоспарға сай жүргізіліп жатыр, - деді ШҚО Кәсіпкерлер палатасының құқықтық мәселелер жөніндегі директорының орынбасары Айжан Жәңгірханова.
ШҚО кәсіпкерлер палатасы инвесторлар мәселесін ерекше бақылауда ұстайтынын және заң аясында шешуге көмектесетінін айтады.
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз:

«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр

Шығыстың шекаралық аудандарында қандай мәселелер туризмге тұсау болып отыр?

Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?

Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы

Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар