Өскемендегі жұмысшы мамандар ұстаханасы

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Өскемен көпсалалы технология колледжінде болды, деп хабарлайды F16.kz.
Облыс орталығындағы бұл оқу орнында еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие жұмысшы мамандарды даярлайды. Колледждің материалдық-техникалық базасы қажетті құрал-жабдықтармен толық жабдықталған. Шеберханасы жергілікті кәсіпорындардың қолдауымен қамтамасыз етілген.
ЕҢ ТӨМЕНГІ ЖАЛАҚЫ ҚАНША БОЛУ КЕРЕК?
Білім мекемесінің ұжымымен кездесу барысында Сатыбалды Дәулеталин биылғы жұмысшы мамандықтар жылына орай қарапайым еңбек адамына ерекше көңіл бөлініп отырғанын, ал осы жұмысшы мамандардың құқығы мен мүддесін қорғауда кәсіподақтың рөлі жоғары екенін атап өтті.
Биыл Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының құрылғанына 35 жыл, ал кәсіподақ қозғалысының басталғанына 120 жыл толып отыр.
СҰРАНЫСҚА ИЕ МАМАНДАР
Өскемен көпсалалы технология колледжінде қазір 100-ден астам мүшесі бар екі бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмыс істейді. Оның бірі – «ҮМЗ» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы, екіншісі – колледж оқытушыларына әдістемелік және құқықтық қолдау көрсететін облыстық кәсіподақ ұйымына қарасты ұйым.
Кәсіподақтар федерациясының төрағасы колледждің оқу кабинеттерін көріп, шеберханасымен танысты. Облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев өңірде жұмысшы мамандарды даярлау үшін мемлекеттік тапсырыс көлемі жыл сайын өсіп отырғанын айтты.
Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі




