F16.KZ
Жарияланды: 11:30, 28 апрель 2025
Өскемен / Спорт

Хижниченконың қолтаңбасы, пицца, сертификат: Өскеменде футбол мерекесі болады

Биылғы 1 мамырда Өскеменнің «Восток» стадионында жанкүйерлерді тамаша бір футбол мерекесі күтіп тұр. Бұл күні жергілікті «Алтай Өскемен» футболшылары «Ақтөбе» командасымен шеберлік байқасады, деп хабарлайды F16.kz.

Қос қарсыластың жасыл алаңдағы ойыны өз алдына, ұйымдастырушылар алқасы жанкүйерлерге арнайы бағдарлама әзірлеп отыр. Сүйікті командасын қолдауға келген өскемендіктер мен қала қонақтары сый-сияпаттан құр қалмайды бұл күні. Матч ортасындағы үзіліс кезінде көрермендерге ойын ойнатылып, жеңімпаздарға өскемендік белгілі футболшы Сергей Хижниченконың қолтаңбасы бар ойын жейдесі, маусымның кәсіби футбол добы, арнайы шарфтар мен қақпашы қолғаптары, DoDo Pizza-ның сыйлығы, Ayax спорттық дүкенінің сертификаттары және басқа да көптеген сыйлық беріледі.

Бірінші лиганың 4-ші турында кездесетін «Алтай Өскемен» және «Ақтөбе» командалары арасындағы матч 1 мамыр, жұма күні сағат 14.00-де облыс орталығындағы «Восток» стадионында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, жергілікті «Алтай Өскемен» ойыншылары Бірінші лига аясында осыған дейін үш тур өткізіп, 4 ұпай еншіледі. Алғашқы турда өскемендік ұжым «Оңтүстік Академиясын» 2:0 есебімен жеңсе, екінші турда «Екібастұзбен» тең тарқасып, бір ұпайды місе тұтты. Үшінші турда Әулиеата жеріне қонаққа барған «алтайлықтар» жергілікті «Тараздан» 3:0 есебімен жеңіліп қалды.

Фото:birinshiliga/instagram


Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде
Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?
26.02.25, Басты / Шекаралық аудан / Өскемен / АЙДАРЛАР / Журналист жол үстінде
Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар
24.12.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Зайсан / Журналист жол үстінде / Айтпайын десең...
Шығыстың шекаралық аудандарында қандай мәселелер туризмге тұсау болып отыр?
29.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Киелі Алтай / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Марқакөл / Журналист жол үстінде