Өскемен
Өскемендегі құс фабрикасы арам суды далаға ағызып жатыр

Биылғы 27 сәуірде әлеуметтік желілерде Өскемендегі құс фабрикасының сарқын суды далаға ағызғаны туралы видео жарияланды. Видео негізінде облыстық экология департаментінің қызметкерлері тексеру жүргізді, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
ШҚО экология департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, арам судың ағып жатқаны туралы ақпарат расталған.
Мамандар табиғатты қорғау полициясының қызметкерлерімен бірлесіп оқиға орнына барған. Видеода айтылған ақпарат расталды. Құқық бұзушыға қатысты тиісті шаралар қабылданады, - делінген ақпаратта.
Мамандар судың құрамында ластаушы заттардың бар-жоғын анықтау үшін су және топырақ сынамаларын алған.
Фото: ШҚО экология департаменті
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз:

«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр

Катонқарағайда мал бағу машақатқа айналды

Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?

Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы

Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар