F16.KZ
Жарияланды: 09:50, 29 апрель 2025
Өскемен

Үлбінің суы көтерілді, көпірасты жолдар жабылды

Көктемгі су тасқынының екінші толқыны жүруіне байланысты Үлбі өзенінің деңгейі көтерілді. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Өскемендегі көпір асты өткелдерінде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды F16.kz.


Атап айтқанда, Б.Александров атындағы спорт сарайының маңындағы Үлбі көпірінің астымен өтетін, яғни Астана және Протозанов көшелерін бойлап жүретін өткелдерде көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Сондай-ақ Шәкәрім даңғылының бойында орналасқан көпірдің астынан өтетін көлік жолы да уақытша жабылды.

Су деңгейін бақылау жұмыстары үздіксіз жүргізіліп, тиісті шаралар қолға алынған. Уақытша шектеулер жағдай толық тұрақталғанға дейін сақталады.

Кептелістер мен қолайсыздықтар болмас үшін, өз бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, – деп жазды Өскемен қаласының әкімдігі әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Фото: Өскемен қаласының әкімдігі

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар
24.12.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Зайсан / Журналист жол үстінде / Айтпайын десең...
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде
Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?
26.02.25, Басты / Шекаралық аудан / Өскемен / АЙДАРЛАР / Журналист жол үстінде
Шалғайдағы ауылдарға өркениеттің сәулесі қашан жетеді?
04.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Марқакөл / Журналист жол үстінде / Арнайы жоба