F16.KZ
Жарияланды: 13:00, 29 апрель 2025
Өскемен / Жаналықтар

Үлбі өзенінің жағалауында рейд жүргізілді

Бүгін, 29 сәуірінде Шығыс Қазақстан облыстық экология департаментінің қызметкерлері полициямен бірлесіп Үлбі өзені жағалауындағы су қорғау аймағында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін анықтауға бағытталған рейд жүргізді, деп хабарлайды F16.kz.

Бұл шара «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында және әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижелері негізінде ұйымдастырылды.

Аумақты тексеру барысында тұрмыстық заттарды заңсыз тастау жағдайлары анықталды. Осы факті бойынша Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің атына қоқыс үйіндісін тез арада жоюды талап еткен ұсыныс жіберілді, – деп жазды экология департаментінің баспасөз қызметі.

Талаптың орындалуы департаменттің ерекше бақылауына алынды.

Осы орайда экология департаментінің мамандары аймақ тұрғындарын санитарлық тәртіпті сақтауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады.

Фото: ШҚО экология департаменті/видеодан алынған кадр

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде
Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?
26.02.25, Басты / Шекаралық аудан / Өскемен / АЙДАРЛАР / Журналист жол үстінде
Шалғайдағы ауылдарға өркениеттің сәулесі қашан жетеді?
04.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Марқакөл / Журналист жол үстінде / Арнайы жоба
Катонқарағайда мал бағу машақатқа айналды
30.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Журналист жол үстінде