F16.KZ
Жарияланды: 17:00, 29 апрель 2025
Өскемен / Жаналықтар / Басты

Лицензиясыз қызмет жоқ: әлеуметтік мекемелерге жаңа тәртіп енгізілді

Биылдан бастап елімізде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарды міндетті түрде лицензиялау енгізілді. Бұл жаңалық халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жаңғырту аясында жаңа Әлеуметтік кодекс нормаларын іске асырудың бір бөлігі болды, деп хабарлайды F16.kz.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Динара Қожанова өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім етті.

Меншік нысанына қарамастан барлық мекемелер лицензиялаудан өтеді. Шығыс Қазақстанда мұндай ұйымдар саны – 36, оның ішінде тоғызы – үкіметтік емес, 27-cі – мемлекеттік мекеме. Бұл орталықтар халықтың әртүрлі санатына қызмет көрсетеді. Атап айтсақ, қарт адамдарға, мүгедектігі бар жандарға, ерекше қажеттілігі бар балаларға және өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға қызмет етеді. Былтыр тек аумақтық орталықтар арқылы 5800-ден астам адам көмек алған, оның ішінде 418-і – ерекше бала.

Өңірде қызмет көрсету процестерін цифрландыру қанатқақты режимде Socium платформасы арқылы басталды. Бұл жұмыс былтырғы қазан айынан бері жүргізіліп келеді. Ал лицензияға өтінімдер Aleumet.egov.kz порталы арқылы қабылданады. Бүгінге дейін 27 ұйым лицензия алды, – деді Динара Қожанова

Сонымен қатар бұрынғы жалпы тарифтің орнына жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі енгізілді. Мамандардың айтуынша, нормативтерді есептеу әдістемесі әзірленіп, қызмет көрсету сапасын мониторингілеу жүйесі дайындалған, ал орталықтардың өзі жаңа қаржыландыру жағдайларына бейімделу кезеңінен өтіп жатыр.

Мұндай шаралар көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, бюджеттік шығындардың ашықтығын қамтамасыз етуге және әлеуметтік қолдау жүйесін азаматтардың нақты қажеттіліктеріне көбірек бейімдеуге мүмкіндік береді.

Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде
Шалғайдағы ауылдарға өркениеттің сәулесі қашан жетеді?
04.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Марқакөл / Журналист жол үстінде / Арнайы жоба
Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?
26.02.25, Басты / Шекаралық аудан / Өскемен / АЙДАРЛАР / Журналист жол үстінде
«Қазақстанда» адам саны азайып барады. Билік шекарадағы ауылдарды жандандыра ала ма?
29.10.24, Шекаралық аудан / Марқакөл / Журналист жол үстінде / Басты / Арнайы жоба