F16.KZ
Жарияланды: 11:08, 27 апрель 2025
Өскемен / Жаналықтар

«Таңдау» қойылымы: бала күнгі достық пен өмірлік шешімдер туралы шынайы оқиға

28 сәуір күні Өскемен қаласында жасөспірімдер мен ата-аналарға арналған ерекше қойылым өтеді.

«Таңдау» – бұл бала күнгі достық, қиын шешімдер мен тағдыр жолындағы таңдау жайлы шынайы драмалық қойылым.

Қойылымның оқиғасы бір мектепте оқып, армандарға бірге ұмтылған екі достың тағдыры туралы. Уақыт өте келе олардың жолдары екіге айырылады: бірі өз арманын сақтап, алға ұмтылады, екіншісі есірткі саудасының құрбанына айналады. Сатқындық, қасірет, үміт пен қиын таңдау – спектакльде шынайы өмір көрініс табады.

Қойылым көтеретін маңызды сұрақтар: 

-        Балаңыз кіммен араласып жүр?

-        Ол достықты дұрыс таңдай ала ма?

-        Бір таңдаудың өмірге әсері қандай болуы мүмкін?

Бұл қойылым — ата-аналар мен жасөспірімдерге қоғамдағы маңызды мәселелер туралы ой салып, дұрыс шешім қабылдаудың маңызын көрсететін әсерлі туынды.

 Күні: 28 сәуір

Уақыты: 10:00 және 14:00

Өтетін орны: Протозанов көшесі, 43

Келіңіздер, көріңіздер, ой түйіңіздер. Өмірлік маңызы бар таңдауға бірге көз жүгіртейік.


Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?
26.02.25, Басты / Шекаралық аудан / Өскемен / АЙДАРЛАР / Журналист жол үстінде
Шығыстың шекаралық аудандарында қандай мәселелер туризмге тұсау болып отыр?
29.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Киелі Алтай / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Марқакөл / Журналист жол үстінде
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде
Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар
24.12.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Зайсан / Журналист жол үстінде / Айтпайын десең...