Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 11:51, 30 апрель 2025
Өскемен / Жаналықтар

Өскемендегі өзен трамвайлары ертең жүре бастайды

Өскемендегі өзен тармвайлары 1 мамырдан бастап жүре бастайды, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.


Бұл туралы "Белалекс" компаниясы әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды


Ертең сағат 10:00-де Өзен вокзалында маусымның ашылуына орай концерт пен мерекелік жәрмеңке ұйымдастырылады.


Ал, кешкі 19:00-де отшашулар болады.


Сондай-ақ ертең «Металлург» саябағындағы аттракциондар жұмысын бастайды.


Саябақ әкімшілігінің мәліметінше, саябақ күн сайын сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істейді.


Әзірге аттракциондардың бағасы жарияланған жоқ.


Бұған дейін шаһар басшылығы қаладағы субұрқақтар да ертең іске қосылатынын хабарлаған еді.


Субұрқақтар 15 қазанға дейін қосылып тұрады. Сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін, ал Республика алаңындағы музыкалық субұрқақ — 9:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді, - делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

Айта кетейік, бүгінде қала бойынша барлығы 16 субұрқақ бар. 


Фото: belaleks_boats

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Шығыс Қазақстанның шекаралық аймағында қыруар ақша жұмсалған жобалар неге аяқталмай қалды?
25.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Тарбағатай / Марқакөл / Шекаралық аудан
Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар
24.12.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Зайсан / Журналист жол үстінде / Айтпайын десең...
Катонқарағайда мал бағу машақатқа айналды
30.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Журналист жол үстінде
Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?
26.02.25, Басты / Шекаралық аудан / Өскемен / АЙДАРЛАР / Журналист жол үстінде