F16.KZ
Жарияланды: 17:30, 30 апрель 2025
Өскемен / Жаналықтар

Мемлекеттік басқару академиясына құжат қабылдау басталды

Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына биылғы 1 сәуірден бастап құжаттар қабылдау басталды. Өтініштер онлайн форматта Admission ақпараттық жүйесі арқылы 25 маусымға дейін қабылданады, деп хабарлайды F16.kz.

Бұл туралы Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы облыстық филиалының директоры Жанар Буканова өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді.

Академия биыл 12 білім беру бағдарламасы бойынша үміткерлерді оқуға қабылдайды. Оның ішінде тоғыз магистратура және үш докторантура бағдарламасы бар. Магистратураға 120, ал докторантураға 12 мемлекеттік білім гранты бөлінген.

Биылғы қабылдау науқанының басты жаңалығы – «Цифрлық мемлекеттік басқару» (MDPA) атты жаңа магистратура бағдарламасының ашылуы. Бұл бағдарлама цифрлық шешімдерді әзірлеу мен енгізуге, сондай-ақ мемлекеттік сектордағы цифрлық трансформацияны басқаруға бағытталған.

Сонымен қатар мемлекеттік қызмет өтіліне қойылатын талаптар күшейтілді. Енді магистратура бағдарламаларына түсу үшін үміткердің мемлекеттік қызметте кемінде 3 жылдық еңбек өтілі болуға тиіс. Ал «Мемлекеттік басқару» (MPA) бағдарламасына – 5 жыл, «Мемлекеттік саясат» (MPP) бағдарламасына – 4 жыл еңбек өтілі қажет.

Ақылы бөлімге қабылдану ережелері де нақтыланды. Енді мемлекеттік қызметшілер ғана емес, квазимемлекеттік сектор мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері де оқи алады.

Үміткерлер бірнеше кезеңнен өтеді: 28 маусым мен 1 шілде аралығында – аналитикалық эссе жазу (онлайн), 8–23 шілде аралығында – офлайн сұхбат. Аралық нәтижелер 25 шілдеде жарияланады. Құжаттарды рәсімдеу және келісімшартқа отыру мерзімі – 7 тамызға дейін. Оқу процесі дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте басталады.

Қабылдау ережелері туралы толық ақпарат академияның ресми сайты – apa.kz-те, сондай-ақ әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда жарияланған. Қосымша ақпаратты қабылдау комиссиясынан немесе академия филиалдарынан алуға болады. Академия – бұл мемлекеттік басқару жүйесінің тиімді дамуына үлес қосқысы келетін, кәсіби біліктілігін арттыруға ұмтылатын мамандар үшін бірегей алаң, – деді Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы облыстық филиалының директоры Жанар Буканова

Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде
Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?
26.02.25, Басты / Шекаралық аудан / Өскемен / АЙДАРЛАР / Журналист жол үстінде
Шығыстың шекаралық аудандарында қандай мәселелер туризмге тұсау болып отыр?
29.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Киелі Алтай / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Марқакөл / Журналист жол үстінде
Агрофорум-2025: ШҚО-дағы агросектордың жетістіктері мен өзекті мәселелері
30.04.25, Өскемен / Жаналықтар / Басты