Өскемен / Жаналықтар
«Достық толқынында – 2025»: Өскеменде студенттік фестиваль өтті

Өскемендегі Республика алаңында «Достық толқынында – 2025» атты жастар фестивалі өтті, деп хабарлайды F16.kz.
Аталған шара 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналды.
«Достық толқынында – 2025» фестивалінің негізгі мақсаты – жастардың шығармашылығын, өнерін қолдау, өңірдегі түрлі оқу орнында оқитын студенттердің өзара ынтымақтастығын арттыру, орта қалыптастыру. Мерекелік шаралар легі осымен тоқтап қалмайды, алдағы күндері жалғасын табады, - деді Өскемен қаласы жастар ресурстық орталығының директоры Бақытжан Ерболқызы.
Облыстың жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының (колледждердің) студенттері орталық алаңға жиналған жұртшылыққа мерекелік көңіл күй сыйлап, өнерлерін ортаға салды.
Шара қорытындысы бойынша, барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен ақшалай сертификаттар табысталды. Атап айтқанда, жоғары оқу орындарына – 300 000 теңгеден, колледждерге – 100 000 теңгеден ақшалай сертификаттар берілді.
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз:

Өзеннен су ішкен халық, интернеті жоқ ауылдар. Катонқарағай ауданының тыныс-тіршілігі

Көріксіз көшелер мен көне ескерткіштер. Риддерде уақыт тоқтап қалғандай

Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы

Катонқарағайда мал бағу машақатқа айналды

Қараусыз мекен, қар басқан көше, жағымсыз иіс. Өскемен саяжайларындағы өмір