Уәде бар, ақша жоқ: ШҚО-да панорамалық вагондар жобасы кейінге қалды

Өскеменнен Риддер және Алтай қалаларына қатынайтын әлеуметтік маңызы бар теміржол бағытында іске қосылады деген панорамалық вагондар әзірге ел игілігіне берілмейді. Бұл туралы F16.kz редакциясына Шығыс Қазақстан облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады.
Өскемен 1 - Алтай, Өскемен 1 - Риддер әлеуметтік маңызы бар теміржол маршруттарында панорамалық вагондарды іске қосу мәселесі өзекті. Алайда вагондарды іске қосу үшін бюджеттен қаржы бөлу қажет. Бүгінде Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 2025 жылғы 15 ақпандағы тапсырмасына сәйкес, жергілікті атқарушы органдарға бюджет шығыстарын қысқарту жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды, – делінген басқарма жауабында.
Естеріңізге сала кетсек, 2023 жылдың қазанында ШҚО әкімдігі өңір туризмін дамыту, пойызбен қатынайтын саяхатшылар санын арттыру мақсатында Өскемен-Риддер, Өскемен-Алтай бағыттарында панорамалық терезесі бар пойыздар қатынайтынын хабарлаған.
Фото: F16.kz/жасанды интеллект




