Өскемен / Жаналықтар
Техника, тәлімбақ, бақылау жүйесі: орманшыларға кешенді қолдау көрсетіліп жатыр

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде өңірдегі орман шаруашылықтарының және табиғат қорғау мекемелерінің басшыларымен кездесті, деп хабарлайды F16.kz.
Жиында министр облыс биыл өртке қарсы техникамен толық қамтамасыз етілетінін жеткізді.
Техниканы ұқыпты, күтіп ұстаңыздар. Қазір орман шаруашылықтарына техника жеткізіліп жатыр. Техника сатып алуға ғана 60 миллиард теңге бөлінді. Бұдан бөлек 28 миллиард теңге ерте анықтау жүйесіне, 21 миллиард теңге тәлімбақтарға жұмсалады. Жалпы 100 миллиард теңгеден астам қаржы бюджеттен тыс көздерден бағытталды. Сондықтан биыл барлық сұраныс толық орындалады. Сіздерден тек жедел әрекет етіп, міндетті тиянақты атқару талап етіледі, – деді Ерлан Нысанбаев.
Ведомство басшысы өрт қауіпсіздігі мәселесін қозғап, бұл бағытта жедел әрекет етудің маңызын атап өтті.
Фото: ШҚО әкімдігі
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз:

«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр

Агрофорум-2025: ШҚО-дағы агросектордың жетістіктері мен өзекті мәселелері

Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?

Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы

Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар