Көпбалалы отбасын мерекемен құттықтады - Өскемен

Жыл сайын 15 мамырда бүкіл әлемде отбасы күні тойланады. Айтулы мерекеге орай Өскемен қаласы әкімдігінің өкілдері көпбалалы отбасын құттықтады, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Махаббат пен бірлікті ту еткен Дәурен Калигажинов пен Әйгерім Калигажинова бүгінде жеті бала тәриелеп отыр. Бұл отбасында екі рет егіз балалар дүниеге келген.
Отбасы күнін кеңінен атап өту отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге, отбасы мен некенің жағымды бейнесін дамытуға, отбасындағы сүйіспеншіліктің, өзара түсіністік пен қолдаудың маңыздылығын көрсете отырып, отбасы мәртебесін көтеруге ықпал етеді.
Өрелі ұл, өнегелі қыз тәрбиелеп отырған отбасына Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ирина Смит пен қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ринат Ахметжанов көпбалалы отбасына арнайы барып, балаларына базарлық жасады.
Өз кезегінде елеп-ескере келген азаматтарға Әйгерім Калигажинова алғысын білдірді.
Фото: F16.kz




