Өскемен тұрғындары наразылыққа шығып, жолды жапты
Өскемен қаласында тұрғындар наразылыққы шығып, жолды жауып тастады. Олар әкім келсін деп талап етуде.
Дәл қазір тұрғындар Ахмер ауылындағыТоғас көшесінің бойында тұр, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Ол жерге тәртіп сақшыларымен қатар, қала әкімдігінің өкілдері де келген. Бірақ тұрғындар олардың талаптарына нақты жауап бере алмай тұрғандарын айтты.
Әлеуметтік желіде таралған видеолардан ахмерліктердің жарық мәселесіне қатысты наразыллықа шыққанын көруге болады. Оған күні кеше болған жол-көлік оқиғасы себеп болған екен.
Тұрғындар кенттегі жарықтандыру мәселесін көтеріп отыр. Олардың айтуынша, көшелер жарықтандырылмағандықтан адамдар жиі көліктің астына түсіп қалып жатады. Әсіресе мектепке баратын балалары үшін уайымдайды. Ахмерліктер көшелерге жарық тартылып, бағдаршам қойылсын деп талап етіп отыр.