Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 11:34, 15 апрель 2025
Зайсан / Жаналықтар

Өрттің әрі қарай таралу қаупі бар – Зайсан

Зайсан ауданында тілсіз жауды ауыздықтау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановтың тапсырмасымен оқиға орнына оның орынбасары Бақытжан Байахметов барды. Ол жағдайды жеке бақылауда ұстап, өртті жою шараларын үйлестіреді. 

Халыққа және тұрғын үйлерге қауіп жоқ, зардап шеккендер де болған жоқ. Жағдай бақылауда, тұрақты мониторинг жүргізіп отырмыз. Қажет болған жағдайда қосымша күштер тартамыз. Тұрғындардан сабыр сақтап, ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуды сұраймыз, – деді Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Ришат Рамазанов.

Қазір оқиға орнында еріктілер мен жергілікті атқарушы органнан 200-ден астам адам, қажетті техника және әуеден сөндіру үшін екі тікұшақ жұмыс істеп жатыр. 
ШҚО ТЖД таратқан ақпаратқа сүйенсек, қатты желге байланысты өрттің әрі қарай таралу қаупі бар.  Билік жағдайды қадағалап отыр және тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға, өрт ошағы болуы мүмкін аймақтарға бармауға шақырады.

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар
24.12.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Зайсан / Журналист жол үстінде / Айтпайын десең...
Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?
26.02.25, Басты / Шекаралық аудан / Өскемен / АЙДАРЛАР / Журналист жол үстінде
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде
Шалғайдағы ауылдарға өркениеттің сәулесі қашан жетеді?
04.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Марқакөл / Журналист жол үстінде / Арнайы жоба