F16.KZ
Жарияланды: 21:30, 15 апрель 2025
Зайсан / Жаналықтар

Зайсан ауданындағы дала өрті толық сөндірілді

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданындағы дала өрті толық сөндірілді, деп хабарлайды F16.kz

Бұған дейін жазылғандай, тілсіз жау қамыс пен құрғақ шөбі қалың жазыққа жайылып, 840 гектар аумақты шарпыды. Отқа оранған жердің батпақты болуы және 20 м/с жылдамдықпен екпіндете соққан жел өрт сөндірушілердің жұмысын қиындата түсті. Дегенмен жұмыла әрекет еткен күштер қызыл жалынмен күні бойы арпалысып, кешкі сағат 19.30-да өртті толық сөндірді. Елді мекендерге қауіп төнбеді, зардап шеккендер жоқ.

Өрт сөндіруге 400-ден астам адам мен 70 техника жұмылдырылды. Олардың қатарында жергілікті атқарушы органның күштері мен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері бар. Сондай-ақ МИ-8 тікұшақтары да жұмыс істеді.

Зайсандағы төтенше жағдайды облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов тікелей бақылауында ұстап отырды.

Фото: ШҚО ТЖД

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз: