Зайсанда шаруа қожалықтың 150 тонна шөбі күлге айналды

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында тағы да өрт шықты. Бұл жолы жеке шаруашылықтың 150 тонна шөбі күлге айналды, деп хабарлайды F16.kz.
Кеше ғана осы ауданда 840 гектар аумақты шарпыған дала өрті сөндірілген. Енді міне Бекбай учаскесіндегі шаруа қожалығының жинап қойған мал азығы отқа оранды.
Естеріңізге сала кетсек, кеше Зайсан ауданында қамыс пен құрғақ шөптің жануынан алапат өрт шығып, дер кезінде толық сөндірілді. Тілсіз жау батпақты, өту қиын жерде тұтанып, шамамен 840 гектар аумақты шарпыды. Өртті өшіруге 400-ден астам адам, 70 техника, оның ішінде төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың күші жұмылдырылды.
Желдің күші кей жерлерде 20 м/с дейін жетіп, өртті ауыздықтауға едәуір кедергі келтірді. Жердегі әрекеттерден бөлек, Ми-8 тікұшақтары арқылы әуеден сөндіру шаралары жүргізіліп, өрт толықтай сағат 19.30-да сөндірілді.
Фото: ШҚО ТЖД/видеодан алынған кадр




