Зайсанда соғыс ардагері туралы деректі фильм түсірілді

Зайсан ауданында қазір жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады. 9 мамыр қарсаңында 102 жастағы Құрманқожанов Закен ата туралы деректі фильмнің тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Айта кетейік, ауданнан соғысқа 7760 адам шақырылып, оның 6702-сі ұрысқа қатысқан. 3229 адам қайтып оралса, 1817-сі майданда қаза тауып, 2923 адам хабар-ошарсыз кеткен.
Сондай-ақ, ауданда 58 адам «Қызыл Жұлдыз» орденімен, 3 адам «Қызыл Ту» орденімен, 590 адам І және ІІ дәрежелі «Жеңіс» медальдарымен, 12 адам ІІ–ІІІ дәрежелі «Құрмет» орденімен марапатталған. 1 адам – «Құрмет» орденінің иегері.
Ұлы Жеңіс күнінің 80 жылдығына орай соғыс ардагері мен тыл еңбеккерлеріне бір реттік қаржылай көмек көрсетіліп, демеушілердің қолдауымен азық-түлік себеттері мен естелік сыйлықтар табыстау жоспарланып отыр.




