Жарияланды: 09:53, 04 декабрь 2024
Басты / АЙДАРЛАР / Не жаңалық? / АУДАН АЙНАСЫ / Марқакөл

Марқакөл ауданында ГЭС салынады

Марқакөл ауданында Қалжыр өзенінде гидроэлектростанция салу бойынша ауқымды жоба басталады.

Бұл туралы ШҚО энергетика және ТҮКШ басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды F16.kz сайты. 

«KALZHYR RIVER ENERGY» ЖШС қуаты 16 МВт ГЭС құрылысына аукционда жеңіске жетті. 

Бұл елдің энергия қауіпсіздігіне қосқан үлесі ғана емес, сонымен қатар жергілікті тұрғындар үшін жүздеген жұмыс орындары ашылады.

Қалжыр өзеніндегі Гидроэлектростанция Шығыс Қазақстан облысының аумағында жоспарланған бесінші жоба болмақ. 

- Бұл аймақтың «жасыл» энергетиканы дамытудағы негізгі ойыншы ретіндегі мәртебесін растайды, - деп хабарлады басқарма.

Фото: inbusiness.kz

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз: