admin
Жарияланды: 21:30, 30 январь 2025
Басты / АЙДАРЛАР / Катонқарағай / Не жаңалық?

Шыңғыстайдағы мал ұрлығы назарда

Катонқарағай ауданының әкімі Данияр Дүйсембаев Шыңғыстай ауылының белсенді азаматтарымен кездесіп, тұрғындарды алаңдатқан өзекті мәселелерді талқылады. 

Кездесуде мал ұрлығы және Бұқтырма өзенінің көктемгі су тасқынына дайындығы пысықталды.

Ауыл тұрғындары бірнеше жыл бойы шешімін таппай келе жатқан мал ұрлығы мәселесін көтерді. Олардың айтуынша, 2013-2023 жылдар аралығында мал жоғалу фактілері жиі тіркелген.

Әкімнің сөзінше, бұл мәселе аудандық және облыстық ішкі істер органдарының ерекше бақылауында. 

- Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, күдікті азаматтар уақытша қамауға алынды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал іс облыстық ішкі істер департаментінің басшылығының бақылауында болады. - деді әкім.

Кездесуде Бұқтырма өзенінің көктемгі тасқынына дайындық мәселесі де сөз болды. 

Данияр Дүйсембаевтың айтуынша, бұл мәселе өткен жылдың 22 қыркүйегінде ауыл тұрғындарымен кездесуде көтерілген. Сол кезде әкім жағдайды өз көзімен көріп, бақылауға алған.

- Жоспарға сәйкес, биылғы көктемгі су тасқынына дейін барлық дайындық жұмыстары толық аяқталады. Ауыл тұрғындарының қауіпсіздігі – біз үшін басты міндет. - деді әкім.

Сонымен қатар, аудан басшысы 2025 жылы ауылдық округтерде атқарылатын жұмыстар туралы ақпарат беріп, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)