F16.KZ
Жарияланды: 16:07, 09 апрель 2025
Басты / Жаналықтар

Ара шаруашылығы құрып барады – Александр Шаров, омарташы

Шығыста ара шаруашылығын алға бастырмай тұрған проблема көп. Климаттың өзгеруі, ақпараттық технологияның дамуы, егіс алқаптарын химиялық жолмен өңдеу және басқа да түйткілдер омарташылықтың дамуына кедергі болып тұр, деп хабарлайды F16.kz.

ЕТ, СҮТ, БАЛЫҚ…

Көктем шыға Өскеменде ауыл шаруашылығы өнімдерінің дәстүрлі жәрмеңкесі қайта жалғасты. Бірінші болып Самар ауданының шаруалары өнім әкелді. Ауданның сегіз ауылдық округі әрқайсы екі бас мүйізді ірі қара, бір бас жылқы және екі бас қой сойып әкеліпті. Оған қоса 200 келі балық, 300 келі бал бар. Сол сияқты сүт-май, құрт-ірімшік, тары-талқан сияқты ауылдың дәмі толып тұр. Бағасы арзан, сапасы жақсы.

КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІ, ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС, ХИМИКАТ

Жәрмеңкеге құнарлы тау балын әкелген Мариногорка ауылының тұрғыны, омарташы Александр Шаровпен өңірдегі ара шаруашылығының жағдайы туралы  аз-кем сұхбаттасудың орай келді.

 

Омарта шаруашылығы құрдымға кетіп бара жатыр,  деп бастасы сөзін тәжірибелі омарташы, Оған бірнеше себеп бар. Ең әуелі, климаттың өзгеруі қатты әсер етеді. Жаз бірде салқын, бірде құрғақ. Күз де ерте түсетін болды. Екіншіден, қазір барлық жерде ұялы байланыс ортанылып жатыр. Ал аралар радиотолқынмен ұшатынын білесіз. Байланыс толқыны аралардың бағдар алуына кедергі келтіреді. Бағытынан адасқан аралар ұяға қайта алмай адасып қалады. Сөйтіп ұясы бос қалады.
Үшінші фактор – егістікті өңдегенде қолданатын химиялық заттар. Арамшөп пен түрлі жәндіктерден қорғау үшін егіс алқабына шашатын химикаттардан аралар уланып қалады.

ОМАРТАШЫЛАРДЫ ҚОЛДАҒАН ЖАЛҒЫЗ ӘКІМ – CАПАРБАЕВ

Сонымен қатар тәжірибелі омарташы ара бағатын адамдардың азайып бара жатқанын қынжыла айтты. Оның сөзіне қарағанда, бұрын Самар ауданының Марногорка кеңшарында 13 пәсік (омарта шаруашылығы), 1500-ге дейін ара ұясы болған. Қазір қалғаны төрт пәсік, 300-дей ұя.    

Техникумда, содан кейін колледжде оқыған кезде оқытушыларым айтушы еді: «ең бірінші жер бетінде аралар өледі» деп. Сол рас екен. Қазір аралар азайып кетті. Бұрын ауылда әрбір екінші үй ара бағатын. Қазір ол жоқ. Омарташыларға қолдау керек, әйтпесе дамымайды. Мен бір ғана әкімді білемін ара шаруашылығына қамқор болып, жан-тәнімен қолдаған, олмарқұм Бердібек Сапарбаев. Ол кісіден кейін бұл салаға көңіл бөлген ешкім жоқ, деді Александр Шаров.

ӨНІМ КӨП, АЛУШЫЛАР АЗ

Ара шаруашылығының аяғына тұсау болған тағы бір мәселе – өнімді өткізу. Жергілікті жерде балды көп мөлшерде ешкім алмайды. Кәсіпкерлер Астана, Алматы сияқты үлкен қалаларға шығып, өткізіп жүр. Соның өзі оңай емес.

Өніміңді өткізе алмасаң шаруашылықты дамытудың қандай пайдасы бар? Алушылар болмаса сонша көп балды не істейміз? Қайда өткіземіз? Бұл да үлкен проблема. Сондықтан мемлекет тарапынан атап өткен мәселелерді шешуге қолдау көрсетілмесе күні ертең ара шаруашылығын құртып аламыз, деді Шаров.

Фото: F16.kz

 


Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Катонқарағайда мал бағу машақатқа айналды
30.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Журналист жол үстінде
Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар
24.12.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Зайсан / Журналист жол үстінде / Айтпайын десең...
Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?
26.02.25, Басты / Шекаралық аудан / Өскемен / АЙДАРЛАР / Журналист жол үстінде
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде