F16.KZ
Жарияланды: 15:30, 09 апрель 2025
Жаналықтар / Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең...

Қоқыс полигондарының жартысынан көбі талапқа сай емес - ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында қолданылатын 165 қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының тек 21-і экологиялық заңнама талаптарына сай келеді. Қоқыс полигондарына жүргізілген мониторинг нәтижесінде осындай дерек анықталды, деп хабарлайды F16.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің ақпаратына сүйенсек, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының басым бөлігі тиісті талаптарға сай келмейді. Олардың дені қоқыс төгетін орынға айналған. Ал жергілікті атқарушы органдар жер учаскесін берумен ғана шектеліп отыр.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өңірде бар-жоғы сегіз полигон ғана оң қорытындығы ие болған. Үлкен Нарын, Самар, Марқакөл ауылдық округтерінде және Тарбағатай, Зайса, Катонқарағай аудандарында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына рұқсат құжаттар алынбаған.

Осы орайда біздің департамент әкімдіктерге аталған қоқыс полигондарын қолданыстағы заңнама талаптарына сай етіп ретке келтіру жөнінде ұсыныс жолдады. Нәтижесін алдағы уақытта қосымша хабарлаймыз, – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Денис Шакенов.

Фото: kaband/Shutterstock/Fotodom

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар
24.12.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Зайсан / Журналист жол үстінде / Айтпайын десең...
Шалғайдағы ауылдарға өркениеттің сәулесі қашан жетеді?
04.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Марқакөл / Журналист жол үстінде / Арнайы жоба
Катонқарағайда мал бағу машақатқа айналды
30.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Журналист жол үстінде
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде