Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 14:33, 11 апрель 2025
Жаналықтар

Тумен түстес 557 жолаушылар вагоны жасалады

Астанада "Штадлер Қазақстан" ЖШС зауытында "Жолаушылар тасымалы" АҚ үшін жолаушылар вагондарының сериялық өндірісі басталды. Жоба теміржол көлігін жаңғырту бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. 

Келісімшарт талаптарына сәйкес, осы жылдың соңына дейін 51 вагоннан тұратын бірінші партия беріледі. Жалпы 2030 жылға дейін 557 жылжымалықұрам шығаружоспарда бар.Желігекупежәнеплацкартвагондары,  жолаушыларғаарналғанмамандандырылған шағын вагондар,сондай-ақ генератор вагондаркіреді.

Stadler вагондары заманауи жайлылық пен қауіпсіздік жүйелерімен: ауа баптау, бейнебақылау, электр жылыту және автоматты қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталады. Сыртқы түріне ерекше назар аударылған, вагондардың дизайны Қазақстанның Мемлекеттік туының түстерінде: көк және сары түсте болады.

Өнім елдің климаттық жағдайына және қалалар арасындағы ұзақ қашықтыққа бейімделген. Зауыт сонымен қатар 20 жыл бойы вагондарға техникалық қызмет көрсетеді. 400-ден астам адам жұмыс істейтін зауытта шанақтарды дәнекерлеу мен бояудан бастап құрастыру, жабдықты орнату және сынақтан өткізуге дейінгі толық өндірістік цикл жолға қойылған. Соңғы екі жылда зауыт ауқымды жаңғыртудан өтті, бұл заманауи технологияларды енгізуге және жергілікті мамандарды оқытуға мүмкіндік берді.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 100 вагоннан асады. Зауыттың ауданы 31 мың шаршы метрден асады. Барлық вагондар ЕАЭО талаптарына және қазіргі заманғы вагон жасау стандарттарына сәйкес келеді.

Фото: "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі



Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)