Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 16:53, 11 апрель 2025
Жаналықтар

ШҚО-да ҚХА кеңесінің отырысы өтті

Бүгін өңір басшысы Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысы өтті. Жиын барысында республикалық сессияға қатысатын облыс делегациясының құрамы мен өңірлік деңгейде өтетін мерейтойлық іс-шаралар жоспары талқыланды. 

Облыс әкімі Шығыс Қазақстан облысы - бастамалары мен идеялары сәтті жүзеге асып жатқан өңірлердің бірі екенін атап өтті. Елімізде алғаш болып Өскеменде ашылған Достық үйі - оғамдық келісім орталығы оның айқын көрінісі.  

Достық үйі ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға өлшеусіз үлес қосып келеді. ҚХА жұмысына жастардың көптеп тартылуы, олардың мәдени, экологиялық және шығармашылық идеяларды насихаттаудағы белсенділігі бізді қуантады. Мұндай шығармашылық дәстүрлі тәсілдермен ұштасқанда оң нәтиже береді, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Өңірдің жетістіктері қатарында ашық аспан астындағы бірегей музей — этноауылды атап өтуге болады. Бұл нысан сол жағалаудағы кешеннің жауһарына айналып, облыс аумағынан тыс өңірлерге де танымал болды.

ШҚО ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының қызметі ерекше назар аударуға тұрарлық. Дәл осы өңіріміздің тәжірибесі республиканың түкпір-түкпірінде осындай құрылымдарды құрудың негізіне айналды.

Бұл жұмысқа жастар белсенді түрде тартылды. Бүгінде өңірде Жас ғалымдар клубы жұмыс істейді.

Бірден-бір жарқын оқиғаға Үлкен Ассамблея студенттік ойындары жатады, оның аясында тек спорттық жарыстар ғана емес, сондай-ақ интеллектуалды байқаулар, оның ішінде этно-куиз және біздің бірегей әзірлемеміз – «Этно гейм» ойыны өтті. Ол ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді терең түсінуге бағытталған, - деді ШҚО Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы директорының орынбасары, ШҚО ҚХА еріктілер қозғалысының жетекшісі Равиль Юнусов.

Облыста жастардың бастамалары да сәтті жүзеге асырылып келеді. Солардың бірі - ҚХА жастар және балалар театры. Биыл ҚХА мерейтойына арналған іс-шаралар аясында Астанада, Павлодар және Абай облыстарында театрға гастрольдік сапарлар жоспарланған. 

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген жастардың басын қосқан "Ассамблея жастары" лагерін жыл сайын өткізу аймақ үшін маңызды екенін айта кеткен жөн.

Облыс әкімі Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық бастамалары мен жобалары Президент тапсырмаларына сәйкес жүзеге асырылатынын атап өтті.

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)