ШҚО өрт сөндірушілері алаңдап отыр

Демалыс күндері Шығыс Қазақстан облысының аумағында астам құрғақ шөп өртенген 150-ден оқиға болып, мамандар тілсіз жаудың бетін қайтарды. Бұл жағдай өңірдің өрт сөндірушілерін алаңдатып отыр, деп хабарлайды F16.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сүйенсек, көп жағдайда сажай маңында, ашық алаңқайда жатқан құрғақ шөп өртенген. Себеп – адамдардың отты дұрыс пайдаланбау, қауіпсіздікті сақтамау.
Осы орайда ТЖД мамандары тұрғындарға ескерту жасады: ашық жерде от жаққанда өте абай болу керек, ал жел соғып тұрғанда мүлде тұтатпаған абзал. Құрақ шөп, қамыс немесе тез жанатын басқа заттарға жақын маңда от жағу өте қауіпті екенін естен шығармау қажет. Көлікпен кетіп бара жатып терезеден жол жиегіне сөнбеген шылымды немесе бос шыны бөтелкені лақтыра салуға болмайды. Мұның соң өртке ұласуы мүмкін.
Рұқсатсыз өрт шығарғаны, от жаққаны және құрғақ шөпті өртегені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Атап айтқанда:
ҚР ӘҚБтК-ның 336-бабы бойынша – 20 АЕК мөлшерінде айыппұл;
ҚР ӘҚБтК-ның 410-бабы бойынша – ескерту немесе 5 АЕК мөлшерінде айыппұл;
ҚР Қылмыстық кодекстің 204-бабы, 2-бөлігі бойынша отпен немесе қауiптiлігі жоғары өзге де көздермен абайсыз жұмыс iстеу арқылы жасалған не ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе аса ірі залал келтіргені үшін 2 мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту, не 2 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу жазасы беріледі.
ТЖД мамандары тұрғындарға өрт қаупі күшейетін жаз кезінде елді мекендер, бау-бақша серіктестіктері, саяжайлар, кәсіпорындар аумағын отқа тез жанатын қоқыстан, құрғақ шөптерн, басқа да қажетсіз заттардан таза ұстау керектігін еске салады.
Табиғат аясына шығып демалғанда қауіпсіздік ережесін мұқият сақтау қажеттігін де қаперде ұстаған абзал. Даладағы өрттің 90%-ы адамдардың отты абайсыз пайдалануы салдарынан болатынын айта кеткен жөн.
Егер кез келген адам өрт шыққанын байқап қалса және тілсіз жау енді ғана басталса өздігінен өшіріп көргені дұрыс, қызыл жалын оған мүмкіндік бермесе дереу 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалып, өрт сөндірушілерге хабарлау керек.
Фото: ШҚО ТЖД (видеодан алынған кадр)




