F16.KZ
Жарияланды: 14:00, 14 апрель 2025
Жаналықтар

«Жолымызды талқандады»: Катонқарағай халқы дабыл қақты

Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданы аумағында жүк көліктері Өскемен-Катонқарағай-Рахман қайнары республикалық жолының тас талқанын шығарды. Трассаның қазіргі жағдайын видеоға, фотосуретке түсірген тұрғындар F16.kz редакциясына хат жолдап, дабыл қақты.

МӘСЕЛЕНІҢ МӘН-ЖАЙЫ

Жергілікті жұрттың айтуынша, биыл көктемде Катонқарағай ауданының Белқарағай ауылы маңында әуежай құрылысы басталған. Содан бері әуе айлағын салып жатқан компанияның 40 тонналық алып жүк көліктері арылы-берілі ағылып, сайрап жатқан тақтайдай асфальт жолдың түгін қоймай бүлдірген. Бұл жағдай тұрғындардың ашуын туғызды. Әлеуметтік желілерде асфальті қопарылып, ойылған жолдың фото-видеолары тарап, қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары: “Қаншама жыл тұрған жолдың тас талқанын шығарыпты”, “Аэропорт салып біткенше жол да бітеді”, “Ес білгелі мұндай болмаған біз жақта”, “Әуежай саламыз деп тас жолды талқандады”, “Иә, бізде солай, бірдеңені жасау үшін басқаны бүлдіреді, мынадай машиналарға жанама жол жасау керек еді, енді жолды жөндегенге ақшаны қайдан алады?» деген ауанда пікірлерін жазып жатыр.

ЖОЛ ДА, ӘУЕЖАЙ ДА БОЛАДЫ

Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов бұл мәселені білетінін, туристік маусым басталғанға дейін жол қалпына келтірілетінін айтты.

Мәселені білеміз. Бірақ, Президент тапсырмасы орындалуға тиіс. Қосымша жол салу мүмкін емес. Бұзылған жол туристік маусым басталғанша қайта қалпына келтіріледі. Істеліп жатқан жұмыстар халық үшін екенін түсініңіздер! Сәл сабырлық танытсаңыздар, жол да болады, әуежай да салынады, – деді басқарма басшысы.

ЗАМАНАУИ ҰШАҚТАРДЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ

Президент Қасым-Жомарт ТоқаевЗайсан және Катонқарағай аудандарының курорттық аймақтарында жаңа әуежай салу жөнінде тапсырма берген. Жуықта еліміздің көлік министрі Марат Қарабаев пен облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов екі әуежайдың құрылысы ресми түрде басталғанын мәлімдеді.

Қатонқарағай әуежайына Белқарағай ауылы маңынан 266 гектар жер бөлінген. Жоба аясында болашақта кеңейту мүмкіндігі бар 2,2 мың метрлік ұшу-қону жолағы қарастырылған. Әуе айлағы Bombardier Q400, ATR-72 және басқа да заманауи ұшақтарды қабылдай алады.  

Сонымен қатар мұнда төрт әуе кемесіне арналған перрон, 4 мың шаршы метрлік заманауи аэровокзал, командалық-диспетчерлік пункт, апаттық-құтқару қызметі, метеостанция және радионавигациялық жабдықтар қарастырылған. 

Фото: F16.kz/видеодан алынған кадр 

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар
24.12.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Зайсан / Журналист жол үстінде / Айтпайын десең...
Шығыстың шекаралық аудандарында қандай мәселелер туризмге тұсау болып отыр?
29.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Киелі Алтай / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Марқакөл / Журналист жол үстінде
Катонқарағайда мал бағу машақатқа айналды
30.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Журналист жол үстінде
Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?
26.02.25, Басты / Шекаралық аудан / Өскемен / АЙДАРЛАР / Журналист жол үстінде