Жаналықтар / Зайсан
Зайсанда құрғақ шөп пен қамыс өртеніп жатыр

Біржан ауылдық округіне қарасты Шұбарағаш учаскесінде қамыс пен құрғақ шөп өртеніп жатыр, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Тілсіз жауды ауыздықтау жұмыстарына жалпы 85 адам, 15 техника жұмылдырылған.
Жану ошағы жету қиын ашық батпақты жерде орналасқан. Сондай-ақ өртті ауыздықтауға екпіні 19-20 м/с жететін жел кедергі келтіріп отыр. Өрт сөндірушілер мен орманшылар соған қарамастан қызыл жалынмен күресу үстінде. Қосымша күш ретінде 20 адам, су таситын көлік, соқасы бар трактор және жүк тиегіш жіберілді, - деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Оқиға орнында Ми-8 тікұшағы жұмыс істеп жатыр, бортында 11 құтқарушы бар. Барлық қажетті құтқару жабдықтары тиелген. Сондай-ақ тікұшақты жанармаймен қамтамасыз ету үшін жанармай таситын көлік те жолға шықты.
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз:

«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр

Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?

Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар

Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы

Шығыстың шекаралық аудандарында қандай мәселелер туризмге тұсау болып отыр?