Жаналықтар / Спорт
«Алтай Өскемен» жанкүйерлерін қуанта ала ма?

Алдағы жұма күні футболдан Қазақстанның бірінші лига командалары арасындағы кезекті турдың ойындары өтеді. «Алтай Өскемен» өз алаңында «Екібастұз» ойыншыларымен шеберлік байқасады, деп хабарлайды F16.kz.
Ойын облыс орталығының «Восток» стадионында өтеді. Өскемендік ұжым биылғы маусымда үйдегі алғашқы кездесуін өткізуге сақадай сай дайын. Бұл матчты жергілікті жанкүйерлер де тағатсыздана күтіп жүр. Өйткені бірінші лиганың чемпионы атанудан қос команда да үмітті. Сондықтан ойын аса тартысты жағдайда өтеді деп болжап отыр мамандар.
Матч 18 сәуір күні сағат 14.00-де Өскеменнің «Восток» стадионында өтеді. Кіру тегін. Жергілікті команданы қолдап, жанкүйерлік етейік.
Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі; vko_1407
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз:

«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр

Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы

Катонқарағайда мал бағу машақатқа айналды

Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар

Жолда қалған жоба: Глубокое тұрғындары қазандықтың қызығын көре ме?