Жаналықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев барша христиандарды Пасхамен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша христиан діні өкілдерін Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды F16.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Елімізде тұратын барша христиандарды Пасха мерекесімен құттықтаймын! Бұл жарқын мейрам жұртты рухани тазарып, жаңаруға үндейді. Діндар адамдарға үміт сыйлап, оларды қуанышқа бөлейді,. – деді Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау сөзінде.
Президен биыл Пасханы дүние жүзіндегі православ, католик және протестант қауымы бір күнде атап өтіп жатқанына және мұның символдық мәні зор екеніне тоқталды.
Басқа діндермен қатар христиан діні де қоғамымызда маңызды рөл атқарады. Ежелден биік гуманистік идеалдарды дәріптеп келе жатқан пасха дәстүрлері отбасылық құндылықтарды сақтауға және халқымыздың ынтымағын арттыруға ықпал етеді, азаматтарымызды мейірімділік пен келісімге шақырады, – деді ол.
Мемлекет басшысы жалпыұлттық бірлік, барша этнос пен конфессия өкілдері арасындағы татулық пен өзара түсіністік қашанда Қазақстанның тұрақты өсіп-өркендеуінің мызғымас тұғыры болып қала беретінін атап өтті.
Пасха мерекесі әр шаңырақты махаббат пен шаттыққа кенелтсін! Еліміздің әр азаматына зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін! – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Фото: Ақорда
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз:

«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр

Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы

Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?

Шалғайдағы ауылдарға өркениеттің сәулесі қашан жетеді?

Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар