F16.KZ
Жарияланды: 11:30, 22 апрель 2025
Жаналықтар

Президент Тоқаев ШҚО жастарын марапаттады

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалінде шығысқазақстандық жастар марапатталды, деп хабарлайды F16.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Айдос Әділбековке алғыс хат табыс етті.

Бұл марапат – біз үшін үлкен жауапкершілік әрі мен сияқты ауыл баласына ғана емес, осында тұрған жастардың барлығына сіздің шынайы алғысыңыз деп түсінеміз. Бүгінде «Таза Қазақстан» акциясы жалпыұлттық қозғалысқа айналды, елді біріктірді және ұраншылдыққа салынбай әрмен қарай жалғасатынын нақты дәлелдеді. Осы акцияға еліміздің жастары белсенді атсалысып, туған жерімізді көркейтуге үлесімізді қосамыз. – деді Айдос Әділбеков.

ДЕРЕКТЕР НЕ ДЕЙДІ?

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 2024 жылы елімізде кешенді шаралар қабылданды. Нәтижесінде 2019-2023 жылдары орта есеппен 62 экологиялық акция өткізілсе, былтыр бұл көрсеткіш 183-ке дейін өсті. Мәселен, 2019-2023 жылдары акцияға 2,4 млн адам қатысып, 900 мың тонна қоқыс жиналып, шамамен 2,5 млн жасыл желек отырғызылса, 2024 жылы экоакцияға 6,2 млн адам қатысқан. Сондай-ақ 1,1 млн тонна қоқыс жиналып, шамамен 1,6 млн түп ағаш егілді. Бұл көрсеткіштер «Таза Қазақстан» акциясы аясында атқарылып жатқан жұмыстардың жоғары деңгейде қолдау тауып, кең ауқымды және жемісті болып отырғанын көрсетті.

"ТАЗА ӨЛКЕДЕН" "КИЕЛІ МЕКЕНГЕ" ДЕЙІН

Өңірлерде тұрғындар, қоғамдық ұйымдар, кәсіпорындар ұйымдастырған аумақтар мен аулаларды тазалауға бағытталған «Таза өлке», тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын абаттандыруға арналған «Киелі мекен», ағаш көшеттерін отырғызу және жасыл желектерді әктеу бойынша «Жасыл аймақ», ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау және абаттандыруға арналған «Өнегелі ұрпақ», су айдындарының айналасын қоқыстан тазартуға бағытталған «Мөлдір бұлақ» сияқты шаралар өткізілді.

ШҚО-ДА 500 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСТЫ

2024 жылы «Таза Қазақстан» аясында Шығыс Қазақстан облысында тұрақты түрде «Таза бейсенбі», «Таза аймақ» және TazaLike акциялары өткізілді. Оған жыл көлемінде барлығы 542 мың шығысқазақстандық қатысты. Өңірде 204 саябақ пен сквер, 323 тарихи-мәдени ескерткіш, 859 әлеуметтік нысан, 7 мыңнан астам су айдыны, 26 субұрқақ және 370 шақырым арық тазартылды. Сонымен қатар 83 мың ауладан 29 мың тонна қоқыс шығарылып, елді мекендерде шамамен 110 мың көшет отырғызылды.

Фото: shygys.jastary/видеодан алынған кадр


Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
«Қазақстанда» адам саны азайып барады. Билік шекарадағы ауылдарды жандандыра ала ма?
29.10.24, Шекаралық аудан / Марқакөл / Журналист жол үстінде / Басты / Арнайы жоба
Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар
24.12.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Зайсан / Журналист жол үстінде / Айтпайын десең...
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде
Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?
26.02.25, Басты / Шекаралық аудан / Өскемен / АЙДАРЛАР / Журналист жол үстінде