Жаналықтар / Өскемен
Қазақстан «Жеңіс эстафетасын» қабылдап алды

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңіс эстафетасын» салтанатты түрде қабылдап алды. Кубок алдағы күндері еліміздің басқа да қалаларына жеткізіледі, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Эстафета аясында облыс орталығындағы «Жеңіс» мемориалдық кешеніне гүл шоқтары қойылып, ардагерлер рухына тағзым етілді.
Бүгін эстафетаны Ресей Федерациясы әскерлерінен қабылдап алдық. Бұл тарихи бастама Қазақстан мен Ресей және ТМД мемлекеттері арасындағы достастықты одан әрі нығайта түспек. Ертең эстафетаны Абай облысының шекарашыларына табыстаймыз. Одан ары қарай өзге де өңірлерді аралап, Қырғызстан Республикасына тапсыруды жоспарлап отырмыз. Жалпы аталмыш эстафетаға биыл 6 мемлекет қатысып жатыр, - дейді ҰҚК ШҚ ШҚО департаментінің әскери журналисі, майор Ғалымжан Бакетов.
Гүл қою рәсіміне жергілікті билік өкілдері, ҚР ҰҚК ШҚ ШҚО бойынша департаментінің әскери қызметшілері, ардагерлер, студенттер мен мектеп оқушылары қатысты.
«Жеңіс эстафетасы» жай ғана символ емес, ол бірлік пен достықтың айғағы. Жыл басынан бері Өскеменде Жеңістің 80 жылдығына арналған 300-ге жуық шара өтті. Бұл – біздің тарих. Ал тарихты жас ұрпаққа ұлықтау - біздің міндет. Қазір қаламызда Ұлы Отан соғысының 7 ардагері тұрады. Бүгінде ашық аспан астында, бейбіт елде өмір сүріп жатқанымыз үшін батыр бабаларға тағызым етеміз, - деді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ирина Смит.
Сондай-ақ жергілікті билік өкілі шаһарда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар легі әлі де жалғасатынын атап өтті.
Фото: F16.kz
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз:

«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр

Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар

«Қазақстанда» адам саны азайып барады. Билік шекарадағы ауылдарды жандандыра ала ма?

Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы

Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?