ШҚО-да этносаясатқа ерекше көңіл бөлінген

Бүгін Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ШҚО филиалы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Бірлік пен жасампаздыққа – 30 жыл» тақырыбында дөңгелек үстел отрысын өткізді, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
1995 жылы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясына Президент жанындағы консультативті-кеңесші орган мәртебесін беру туралы Мемлекет басшысының Жарлығы шықты. Бүгінде мемлекетіміздің бейбітшілік пен тұрақтылығын сақтаудың бірегей институы ретінде қалыптасқан Ассамблея биыл 30 жылдық мерейтойын атап өтеді.
Сондай-ақ облыстық филиал мамандары этносаясат бойынша мемлекеттік қызметшілерді оқытатын арнайы оқу бағдарламасын ұсынған.
Дөңгелек үсталге мемлекеттік органдардың, Қазақстан халқы Ассамблеясы Шығыс Қазақстан облысының ғылыми қауымдастық өкілдері, этносаясат, этнодемография саласындағы жетекші сарапшылар, жастар ұйымдарының өкілдері, саяси партиялардың жастар қанаты өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел отырысына қатысушылар әлеуметтік-экономикалық үдерістер жағдайындағы Қазақстанның демографиялық дамуы, ҚХА-ның ғылыми-сараптама қызметі, әлеуметтік тұрақтылық мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеулердің нәтижелерін талқылады.
Фото: F16.kz




