F16.KZ
Жарияланды: 12:00, 13 май 2025
Жаналықтар

Жұмыспен қамту: 14,9 мыңнан астам ерекше адамға қолдау көрсетілді

2025 жылдың басынан бері елімізде 14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді. Бүгінде ерекше қажеттіліктері бар 108,9 мың адам жұмыспен қамтылған (28,9%), деп хабарлайды F16.kz Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне ілтеме жасап.

Қазір елімізде мүгедектігі бар 737,4 мың адам тұрады, ол халықтың жалпы санының 3,7%-ына тең және олардың 376,7 мыңы еңбекке қабілетті жаста.

Әлеуметтік кодекске сәйкес, жергілікті атқарушы органдар мүгедектігі бар адамдарға ауыр жұмыстағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс істейтіндердің жалпы санының 2-ден 4%-на дейінгі мөлшерде жұмыс орындарына квота белгілейді. Осы жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша квота бойынша 4,8 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылды.

Сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар адамдар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылды. Биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша тұрақты жұмыс орындарына 874 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 191 адам, жастар іс-тәжірибесіне – 80 адам, қоғамдық жұмыстарға – 3248 адам, «Алғащқы жұмыс орны» жобасы бойынша – 4 адам және «Күміс жас» жобасы бойынша – 333 адам жұмысқа тұрды.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 17 адам, «Бастау бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздерін 1,3 мың адам оқыды, оның ішінде 726-сы тиісті сертификат алды.

Халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы азаматтарға өз бизнесін ашу үшін 400 АЕК мөлшерінде мемлекеттік гранттар беріледі.

Сондай-ақ 2018 жылдан бастап халықаралық тәжірибені ескере отырып, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орнын жабдықтауға байланысты жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тәртібі енгізілді. Субсидия жұмыс берушілерге арнайы жұмыс орындарын жарақтандыру үшін жабдықтар сатып алуға, монтаждауға және орнатуға жұмсалған шығындарды өтеу мақсатында беріледі. Барлығы 226 арнайы жұмыс орны құрылды.

Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі 

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Өзеннен су ішкен халық, интернеті жоқ ауылдар. Катонқарағай ауданының тыныс-тіршілігі
30.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Фоторепортаж
Катонқарағайда мал бағу машақатқа айналды
30.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Журналист жол үстінде
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде
Көріксіз көшелер мен көне ескерткіштер. Риддерде уақыт тоқтап қалғандай
23.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Риддер / Фоторепортаж