F16.KZ
Жарияланды: 13:30, 14 май 2025
Жаналықтар

Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 10,8%-ға артты

Еліміздің Энергетика министрлігі биылғы қаңтар-сәуір аралығындағы мұнай өңдеу кәсіпорындарының жұмыс қорытындысын шығарды, деп хабарлайды F16.kz.

Елдің ірі мұнай өңдеу зауыттарында 2025 жылдың алғашқы төрт айында 6,092 млн тонна мұнай өңделді. Бұл көрсеткіш былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 10,8%-ға жоғары.

Өңдеу көлемінің артуы ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие негізгі мұнай өнімдері өндірісінің ұлғаюына басты фактор болды.

Атап айтқанда бензин өндірісі 25,4%-ға артып, 2,082 млн тоннаға жетті, дизель отынының өндірісі 18,9%-ға өсіп, 1,921 млн тонна болды, авиациялық керосин өндірісі 5,3%-ға артып, 0,255 млн тонна болды.

Энергетика министрлігі мұнай өңдеу саласының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, ішкі нарықты мұнай өнімдерімен сенімді жабдықтау, сондай-ақ кәсіпорындардың тиімділігі мен технологиялық даму деңгейін арттыруға бағытталған стратегиялық шараларды іске асыруды жалғастырады.

Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
Көріксіз көшелер мен көне ескерткіштер. Риддерде уақыт тоқтап қалғандай
23.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Риддер / Фоторепортаж
Өзеннен су ішкен халық, интернеті жоқ ауылдар. Катонқарағай ауданының тыныс-тіршілігі
30.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Фоторепортаж
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде
Катонқарағайда мал бағу машақатқа айналды
30.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Журналист жол үстінде