Жаналықтар / Қылмыс
ШҚО полицейлері алаяқтардан қорғанудың жаңа тәсілін іске қосты

«Восток Молоко» корпорациясы шығаратын айран қаптамасында енді «Алаяқтардан сақ бол» деген жазуы бар арнайы QR-кодтар орналастырылды. ШҚО полицейлері алаяқтардан қорғанудың жаңа тәсілін іске қоса бастады, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Кодты сканерлеу арқылы тұтынушылар алаяқтық схемалардан қорғану жолдары, күдікті жағдайлар туындағанда хабарласуға болатын байланыс нөмірлері және облыстық полиция департаментінің ресми парақшасына өту арқылы қажетті ақпарат алады.
Күнделікті өмірде әр отбасы тұтынатын өнімдер арқылы алаяқтардан қорғанбақпыз. Бұл қарапайым әрі тиімді тәсіл өз нәтижесін береді деп ойлаймын, - деді ШҚО ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Д. Камалханов.
Полицейлер барлық қала тұрғындары мен қонақтарын қамтып ақпараттандыруды көздеп отыр.
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз:

«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр

Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы

Агрофорум-2025: ШҚО-дағы агросектордың жетістіктері мен өзекті мәселелері

Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар

Жәдігер ұстаз жүрген жол