Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 17:03, 14 май 2025
Жаналықтар / Басты

Шемонаихада қоқыс өңдеу зауыты салынады

Биыл Шемонаиха ауданында қоқыс өңдеу зауытының құрылысы басталмақ. Бұл туралы облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Еламан Мұхтарханов мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.

Жоспар бойынша жаңа өндіріс орны жылына 36 мың тонна пластик қалдықтарын қайта өңдеуге қауқарлы болады.

Облысымызда «Өнеркәсіпті дамыту қоры» арқылы «ВКО Экобус» мекемесі зауыт салуды жоспарлап отыр. Ол зауыт Шемонаиха ауданында орналасады. Жалпы, біздің облыста қоқыс өңдеу жағы аса қатты дамымаған. Рас, Риддер мен Шемонаихада жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар бар. Бірақ, олардың қуаты анау айтқандай зор емес. Осыған байланысты, бүгінде облысымызда осындай кәсіпорындардың санын арттыруға басымдық беріліп отыр. Бұл істі бастағалы отырған кәсіпкер қолда бар технология бес жылда кәсіпорынның қуаттылығын айтарлықтай арттырып, қайта өңделетін қоқыстың көлемін жылына 60 мың тоннаға дейін жеткізуге болатынына сендірді, – деді Еламан Мұхтарханов.

Белгілі болғандай, аталмыш жоба екі бағытта жүзеге асырылады. Атап айтсақ, қоқыс жәшіктері, люктер, орындықтар сынды тұрмыстық бұйымдар шығару, сондай-ақ, пластикті қайта өңдеу арқылы дизель отыны мен битум тәрізді биожанармай өндіру. Осы ретте, жобаға құйылатын инвестиция көлемі 1,7 миллиард теңгеге жететінін де айту керек.

Еске салайық, былтыр елімізде Үкіметтің тапсырмасы бойынша қоқысты қайта өңдеу саласын дамыту мақсатына «Жасыл Даму» АҚ арқылы 200 миллиард теңге бөлінген болатын. Республика бойынша барлығы 96 жоба іріктелген. Оның бірі – жоғарыда айтылған Шемонаихадағы зауыттың жобасы.

Нұржан Кенжеұлы

Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Агрофорум-2025: ШҚО-дағы агросектордың жетістіктері мен өзекті мәселелері
30.04.25, Өскемен / Жаналықтар / Басты
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде
Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар
24.12.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Зайсан / Журналист жол үстінде / Айтпайын десең...
Шығыстың шекаралық аудандарында қандай мәселелер туризмге тұсау болып отыр?
29.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Киелі Алтай / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Марқакөл / Журналист жол үстінде