F16.KZ
Жарияланды: 16:30, 15 май 2025
Жаналықтар

Жаза күшейеді: қыз алып қашқандар 7 жылға сотталуы мүмкін

Еліміздеқызалыпқашатындарғажазакүшейтіледі. Ендігі жерде қызды еркінен тыс алып кеткен адамдар 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды F16.kz.

Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов мәлім етті. Оның айтуынша, бұл бастама келесі аптада екінші оқылымда қаралмақ.

Егер бойжеткен 18 жасқа толмаған болса немесе оған күш қолданылса, не бір топ адам күш қолданса, онда жаза қатаң болады. Ондай әрекетке барғандар 5-7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады, – деді депутат. 

Әбеновтің айтуынша, Қазақстанда қыз алып қашқандардың дені жазаға тартылмай, ары кетсе айыппұл төлеп құтылады. 

Кейінгі үш жылда полицияға қызды алып қашу жөнінде 214 арыз түскен. Бірақ олардың 10-ы ғана сотқа жеткен. Қалған істер қылмыс құрамының болмауына байланысты жабылған. 

Фото: F16.kz/жасанды интеллект

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Катонқарағайда мал бағу машақатқа айналды
30.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Журналист жол үстінде
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде
Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?
26.02.25, Басты / Шекаралық аудан / Өскемен / АЙДАРЛАР / Журналист жол үстінде
«Қазақстанда» адам саны азайып барады. Билік шекарадағы ауылдарды жандандыра ала ма?
29.10.24, Шекаралық аудан / Марқакөл / Журналист жол үстінде / Басты / Арнайы жоба