F16.KZ
Жарияланды: 15:30, 17 май 2025
Жаналықтар

Елімізде 5,2 млн гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді

Елімізде көктемгі егіс науқаны қарқынды жүріп жатыр. Оған дейін бірқатар агротехникалық жұмыстар атқарылды: 17,1 млн гектар алқапта ылғал жабылса, 7,3 млн гектар жерге тұқым себуге дейінгі өңдеу жүргізілді, 1,9 млн гектар аумақ жыртылды, деп хабарлайды F16.kz.

ҚАЙ ОБЛЫС КӨШ БАСЫНДА?

Ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, бүгінгі таңда республика бойынша 5,2 млн гектардан астам алқапқа тұқым себілген. Атап айтқанда, Ақмола облысында – 971,1 мың га, Алматы облысында – 228,4 мың га, Ақтөбе облысында – 124,9 мың га, Шығыс Қазақстан облысында – 337,6 мың га, Жамбыл облысында – 316,5 мың га, Батыс Қазақстан облысында – 171,2 мың га, Қарағанды облысында – 435 мың га, Қостанай облысында – 385,1 мың га, Павлодар облысында – 467,9 мың га, Солтүстік Қазақстан облысында – 359,1 мың га, Түркістан облысында – 482 мың га, Жетісу облысында – 353,6 мың га, Абай облысында – 463,6 мың га және басқа өңірлерде егістік алқаптар игерілген.

ҚАНДАЙ ДАҚЫЛДАР ЕГІЛДІ?

Негізгі дақылдар бойынша, дәнді дақылдар – 3 млн гектардан астам, мал азығы дақылдары – 382,3 мың га, көкөніс – 91,4 мың га, картоп – 66,7 мың га, бақша дақылдары – 69,9 мың га, майлы дақылдар – 1,2 млн га, мақта – 130,9 мың га, қант қызылшасы – 17,4 мың га, күріш – 52,6 мың га жерге егілді.

Аграрлар 1 млн тоннадан астам минералдық тыңайтқыш жеткізуге келісімшарт жасады, оның ішінде 849,2 мың тоннасы жөнелтілді.

Биыл тұқымға қажеттілік 2,3 млн тонна болды, сұраныс 100% қамтамасыз етілді. Бөлінген 401 мың тонна дизель отынының 233 мың тоннасы жеткізілді. Егіс жұмыстары жоспарға сәйкес жалғасып жатыр.

Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)