Жаналықтар / Басты
ШҚО: Жол бойындағы ұялы байланыс қашан жақсарады?

Бүгін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкин шығысқазақстандықтармен кездесіп, толғандырған сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Өңір тұрғындарын алаңдатқан мәселенің бірі – сапасыз интернет пен ұялы байланыстың жоқтығы. Әсіресе кейбір шағын ауылдарда және жол бойында байланысқа шығу тіпті мүмкін емес.
Вице-министр тұрғындарды алаңдатқан бұл мәселе алдағы жылы шешімін табатынын жеткізді.
Қазір республикалық маңызы бар жолдарға басымдық беріп жатырмыз. Жолдарды аралап, ұялы байланыс ең нашар ұстайтын жерлерді анықтадық. Жергілікті әкімдік инвесторлармен және ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, интернет тартатын антенна-діңгектерді орнату жұмысын былтыр бастап кеткен. Ендігі кезек – жергілікті маңызы бар жолдарда. Бұл жұмыстар биыл басталды. Келер жылдың соңына дейін жол бойындағы ұялы байланысты жақсартуға тырысамыз, – деді Ростислав Коняшкин.
Сондай-ақ вице-министр өз сөзінде аталмыш жоба тас жолдың бойында интернет желісін еркін пайдалана алмаса да телефонмен байланысқа шығуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Біздің мақсат – жол бойында кем дегенде қоңырау шалуға және қарапайым мессенджерлерді қолдануға мүмкіндік беру. Өте жоғары сападағы интернет болатынына кепілдік бере алмаймын. Десе де, ең негізгі қажеттіліктерді қамтамасыз етуге тырысамыз, – деді ол.
Фото: F16.kz; жасанды интеллект
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз:

Шалғайдағы ауылдарға өркениеттің сәулесі қашан жетеді?

«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр

Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар

Шығыстың шекаралық аудандарында қандай мәселелер туризмге тұсау болып отыр?

Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы