F16.KZ
Жарияланды: 12:00, 19 май 2025
Жаналықтар / Басты

Үй де жоқ, ақша да жоқ: адамдарды зар қақсатқан алаяққа сот үкімі шықты

Өскеменде тұрғындарды алдаған құрылыс компаниясының басшысы сотталды. 2 қалалық соты аса ірі көлемде алаяқтық жасаған тұлғаға 6 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасын кесті, деп хабарлайды F16.kz.

Сотта белгілі болған деректерге сүйенсек, қылмыстық жауапкершілікке тартылып отырған Д. есімді азамат қолында заңды құжаттары болмаса да адамдармен пәтерді алдын ала брондау бойынша келісімшарт жасасқан. Ол аздай «Ертіс» ӘКК-дан қомақты қаржы алған.

Нақтырақ айтқанда, 2021 жылдың көктемінде сотталушы өзі басқаратын ЖШС-ның табысы туралы жалған мәлімет ұсынып, «Ертіс» ӘКК-дан тұрғын үй кешенінің құрылысына 206 миллион теңгеден астам ақша алған. Келісімшарт бойынша ол үш көпқабатты тұрғын үй салуға тиіс болған, бірақ компания өз міндетін орындаған жоқ, ал бөлінген ақшаның қайда жұмсалғаны белгісіз.   

Сонымен қатар ол 2021-2023 жылдары үлескерлер қаражатын тартуға рұқсат беретін құжаты болмағанына қарамастан 85 азаматпен пәтерлерді брондау бойынша келісімшарт ресімдеген. Адамдардан 1миллиард теңгеден астам ақша алып, міндетін орындамаған. Келтірілген жалпы шығын мөлшері 1,27 миллиард теңгеден асты. Соған қарамастан сотталушы кінәсін мойындамады.

Бірақ сот айыптаушы тараптың дәлелдері. негізді деп тапты. Үкім шығарған кезде жазаға тартылған азаматтың жас балалары бары ескерілді. Сөйтіп сот оған 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу және 10 жылға коммерциялық қызметпен айналысуға тыйым салу жазасын кесті. Ол орта қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде мерзімін өтейді. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Фото: F16.kz/коллаж

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Шығыс Қазақстанның шекаралық аймағында қыруар ақша жұмсалған жобалар неге аяқталмай қалды?
25.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Тарбағатай / Марқакөл / Шекаралық аудан
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде
Жолда қалған жоба: Глубокое тұрғындары қазандықтың қызығын көре ме?
07.10.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Журналист жол үстінде / Глубокое
Қаңыраған үй, қираған ғимарат, үдере көшкен ел. Шекарадағы Первомайка кентінің бүгінгі өмірі
28.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Шемонаиха / Журналист жол үстінде / Шекаралық аудан