F16.KZ
Жарияланды: 16:00, 19 май 2025
Жаналықтар

Қарағандыда адам ішінде медициналық ине қалып қойған

Қарағандыда жаға ұстарлық жағдай болды. Дәрігерлер операция кезінде науқастың ішінде медициналық инені ұмыт қалдырған. Бұл туралы әлеуметтік желіде бейнежазба таратқан тұрғын Алик Сагин айтты, деп хабарлайды F16.kz.  

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Биылғы 14 сәуірде Алик Сагин (суретте) оң жақ қабырғасы ауырып Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасына барған. Науқасқа плеврит, яғни өкпе қабықшасының қабынуы деген диагноз қойылып, жедел операция жасалған. Операциядан соң екінші қайтара рентгенге түскенде кеудесінің оң жағында медициналық ине тұрғаны анықталған.

15 сәуірде маған күрделі ота жасалды, ол тоғыз сағатқа созылды. Отадан кейін мені фтизиатрия орталығына жатқызды. Сол жерде қайтара рентгенге түсірді және кеудемнің оң жағында медициналық ине тұрғанын байқады, деді ол.   

НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ МӘЗ ЕМЕС

19 сәуірде оған тағы да операция жасалып, дәрігерлер кеуде қуысындағы бөгде затты алып тастаған. Дегенмен науқас жағдайы мәз емес екенін, денсаулығы күннен-күнге нашарлап бара жатқанын айтады.

Денсаулық сақтау минитрлігінен бұл жағдайды назардан тыс қалдырмауды сұраймын. Өйткені хирург менімен хабарласуға тырысқан да жоқ. Істі жылы жауып қоя салды. Ешкім байланысқа шықпады, ал мен қазір жұмысқа жарамсызбын, – деді Алик Сагин.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ НЕ ДЕЙДІ?

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл оқиғаға байланысты қызметтік тексеру басталғанын, нәтижесінде тиісті шаралар қолданылатынын хабарлады. Ал аталған ер адам амбулаториялық емге ауыстырылғанын мәлім етті.

Клиникалық-рентгенологиялық динамика оң нәтиже көрсетті. Денсаулыққа зиянның бар-жоғы тәуелсіз сарапшылар комиссиясының отырысынан кейін шешілетін болады, – делінген хабарламада.

Фото: видеодан алынған кадр

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде
Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар
24.12.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Зайсан / Журналист жол үстінде / Айтпайын десең...
Катонқарағайда мал бағу машақатқа айналды
30.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Журналист жол үстінде
Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?
26.02.25, Басты / Шекаралық аудан / Өскемен / АЙДАРЛАР / Журналист жол үстінде